Ашық сабақ

Электро-энергетикалық ПЦК айлығы барысында циклдың жас маманы С.А. Токтасынова электр өлшеу пәнінен ашық сабақ өткізді. Жас маман тәжірибесінің аздығына қарамастан өз пәнін жақсы білетінін, сабағын игере алатынын дәлелдеп шықты. Сабаққа қатысқан аға буын оқытушылар ашық сабақты талдап, оң бағаларын берді.