«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» – ашық тәрбие сағаты

27.04.22ж. «Радиотехника» бөлімінің айлығы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» – ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға колледж студенттері қатысты. Ашық тәрбие сағатында білім алушыларға дәуірдің жарық жұлдызы, ғалым, тюрколог, ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік жолы, шығармашылығы таныстырылды. Сондай-ақ, студенттердің Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне жасаған экскурсиясы туралы бейнеролик ұсынылды. «Анаға хат» көрінісі мен А.Байтұрсыновтың сөзіне жазылған «Екі жирен» әні көрермендерге қатты ұнады. Іс-шара өте жақсы деңгейде өтті.