Ауғаныстан соғысының ардагерлері кездесу

10.02.2022ж. Колледжімізде Әуезов  ауданы  әкімдігінің мәдениет бөлімімен бірлесе отырып ұйымдастырған  Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге «Жауынгер»Ауғаныстан соғысының ардагерлері мен Мүгедектерінің Алматы қаласындағы қоғамдық бірлестігі төрағасы, Мемлекеттік үшінші дәрежелі «АЙБЫН»орден иегері Даркенбаев Байдаулет Құрманқожа ұлы, ауған соғысы ардагерлері  Мырзағалиев Разбек  Рахымбергенович пен Сандуов Бұғыбек Апизович  қатысты.  Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.   Кездесу соңында колледж директоры Т.Тайтулеев сөз алып, ардагерлерге алғысын білдірді. ЭЭС-204 тобының білім алушылары ардагерлермен естелікке суретке түсті.


БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР