«Анаға Құрмет» мұражайына виртуалды саяхат

14.04.2021 жылы сағат 14.00-де «Анаға құрмет» рухани-мәдени кешеніне виртуалды саяхат өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында – «Ана тәжін киген таңдаулылар» бағыты бойынша бүгінгі жас ұрпаққа өз елінің, жерінің тарихында есімдері ел аузында қалған ардақты, аяулы және батыр аналар жайлы мәліметтер беру және мұражайларға саяхат жасап, өткен күнмен салыстыра отырып, ұлттық тәрбиені бойларына баулу.