Айлық барысында

Өндірістік оқытушебері Б.С. Садакбаев наурыз айында өндірістік оқытушеберлері ПЦК айлығының жоспарына сай ашық сабақ өткізді.  Тәжірибелік сабақ барысында білімалушылар коммутациялық аппараттар көмегімен асинхронды қозғалтқышты реверсивті басқару сұлбасын зерттеп, сұлбасын стендте жинап, реверсивсіз және реверсивті басқарудың айырмашылықтарын анықтап, коммутациялық аппараттардың қажеттілігі мен пайдасын анықтады. Сабақта білімалушылардыдың тәжірибе арқылы білімін жетілдіру мен сабаққа деген ынтасын арттыруды мақсат еткен өндірістік оқытушебері өз мақсатына жетті.