Суббота, 10 Июнь 2017 03:11

Колледжде 09 маусым күні 2016-2017 оқу жылына арналған жайдарман сайыстарынан ІІ колледжішілік чемпионат мәресіне жетті.

Ақтық мәре 3 сайыстан тұрды: «Сәлемдесу», «дыбыстау», «көрініс». Қазылар алқасының құрамында «Аялдама» жайдарман тобының белді ойыншысы Боранбаев Бірлік, «Ұлағат» студенттер кеңесінің Президенті Құрманәлі Жұлдыз, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының кеңесшісі Абсаматова Арай, колледж әдіскері Динара Тимурқызы және Қазақстан Ұлттық арнасы «Таңшолпан» бағдарламасының редакторы Бозекенов Тәуірбек болды. Қазылар алқасының шешімімен ойын қорытындысы бойынша «Құпия» - І орын, «Ойы бай» - ІІ орын, «Мәдениетті бұзықтар» - ІІІ орынды иеленіп, колледж атынан мақтау қағаздарын иеленді.