Среда, 31 Май 2017 10:53

Колледжімізде 31.05.2017жылы қоғамдық пәндер оқытушылары Игенбаева. Б.А, Сейсекенова. С.Р. ұйымдастырумен «Тарихқа тағзым» атты ЭЭС-12, МЭН-12, ТЭУ-12 топтарымен « саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай тарихи танымдық кеш өтті

Бүгінгі  іс шарада студенттер тарих қойнауына көз жүгіртіп, болашақ үшін жанын құрбан еткен Алаш азаматтарының қызметін саралап, қаһармандық  іс әрекеттеріне тағзым етті. Студенттер үшін бұл іс шара тылсым сыры көп, жұмбағы мол, ата-бабаларының ерлік істерінің текке кетпегендігінің куәсі. Олар армандаған егеменді мемлекетте өмір сүріп жатқандары үшін алғыстарын білдірді. Кешке қатысқан әрбір студент өзіне үлкен жауапкершілік жүктеп, қайраткерлердің қызметіне баға беріп, жеке тұлға ретінде өз ұстанымдарын көрсетті.