Суббота, 08 Апрель 2017 11:19

Ақпараттану және жаратылыстану пәндер бірлестігінің айлығы өту барысында 08.04.17 күні «Жас оқытушылыр мектебінде» Жас мамандарға тәжірибелі ұстаз Медетбекова А.А. «Сабақ өтудің әдістемелік кеңестері» деген тақырыпта семинар өткізді.

Семинарда оқытушылардың сабақ өту әдістемесін жақсарту мақсатында заманауи әдістерге тоқталды. Әрбір әдістің маңыздылығы көрсетіліп, мысал келтірілді. Болашақта осы тақырып аясында оқытушыларға мақала жазу ұсынылды және осы бағытты оларға нақты әдістемелік көмек көрсетілді.