Среда, 26 Апрель 2017 01:58

25.04.17 МЭН-12 тобымен «Қазақ поэзиясының Хан-Тәңірі-Мұқағали» атты ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік:

Оқушыларды туған жерді, Отанды қастерлеуге патриотизмге адамгершілікке қайырымдылық бірлік, достық ,бауырластық рухына тәрбиелеу, қоршаған ортаны қорғай білуге баулу. Дамытушылық: Шығармаға жан-жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, тіл шеберлігін , өзіндік ізденісін, дүниетанымдарын кеңейту, сонымен бірге алғырлыққа, шапшандыққа ,таптырлыққа баулу сөзлеу тілін дамыту.

Мұқағалидың жыр ғұмыры мәңгілікке айналғандай. Қаламгерді ардақ тұтқан арда елдің баласынан данасына дейін ақын өлеңдерін жатқа оқиды. Ешкімнің үгіт-насихатынсыз-ақ жыл сайын жыр перзентінің туған күні еліміздің барлық аймағында аталып өтеді. Мұқағали өлеңдері тәуелсіз елдің азаматтарын елін-жерін сүюге тәрбиелейтін басты құралдың бірі. « Ақын елдің ардағы» дегенді аталарымыз текке айтпаса керек. Мұқан да отанды сүюді қандай екенін көптеген өлеңдерінде паш етті. Оны шын пейілімен, ынта-ықыласымен түсініп оқыған адам отанды анасындай сүюді үйренері хақ. Егемен елдің азаматтары «Мен Отаныма не бердім» деп бір деп ойласа өте жақсы болар еді. Мұқағали өлеңдері тәрбие құралдарының бірі. Жылдар өтеп әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ, қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек. Жауапты мұғалімдер: Ушурова Гузель Аркиновна, Бейсенбай Айсұлу.