Четверг, 20 Апрель 2017 09:31

Сəуір айының 19-ы күні колледж мəжіліс залында, "Ұлағат бірлесе басқару ұйымының" ұйымдастыруымен "Ұнаудың 7 себебі" атты шоу-бағдарлама өтті.

Бағдарлама "Махаббатқа 10 қадам" атты телебағдарламаға негізделген. Шоудың көркін келтірген РР-30 тобының студенті Амандосова Толғанай болды. Колледждің ең үздік 7 жігіті қатысқан бұл шарада, оқ бойы озық келіп, барлық турдан сүрінбей өткен МЭН-32 тобының студенті Мырзанов Ернар болды. Жеңімпазға жəне Толғанайға колледж атынан бағалы сыйлықтар берілді.