30.11.2018 жылы ИС-30 тобымен " Желінің жіктелуі LAN, MAN, GAN, WAN " атты ашық сабақ өтті.

Оқытушы: Жанкулова Ж.К.

Сабақ барысында Дамыта оқыту әдістемесі қолданылды.

Мақсаты - әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін және компьютерлік желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту; білімалушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту, топта жұмыс жасау шеберліктерін шыңдау, өз ойын еркін жеткізе білуді, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға толыққанды жауап беруді үйрету.