Сапа менеджмент жүйесі

       

         Білім сапасын арттыру мақсатында педагогикалық ұжым колледж директорының басшылығымен 2010 жылдың аяғында колледжде сапа менеджмент жүйесін енгізуді жоспарлаған болатын. Барлық бөлімдерде ішкі құжаттарды даярлау және өндеу бойынша жауапты адамдар бекітіліп, ISO 9001:2008 халықаралық стандарты бойынша ішкі аудиторлар тобы теориялық дайындықтан өтіп, СМЖ сертификатын алды. Сонымен қатар СМЖ еңгізу бойынша іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілді.

       СМЖ бойынша барлық құжатттар реттелгеннен кейін, мемлекеттік сатып алу Web-порталында конкурс жарияланып «EURASIA MS» ЖШС компаниясымен келісім шарт жасалынды. Аталған компания сыртқы аудит жұмыстарын жүргізіп, 2012 жылдың 3 мамырында СМЖ жүйесі бойынша KZ.75000133 КСС №0013313 сәйкестік сертификаты алынды. 2013-2014 жылдары аталған компания жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізіп, колледж ұжымының жұмысы сапа менеджмент жүйесіне сәйкес деп танылып, сертификаттың жарамдылық мерзімі ұзартылды.

       Алматы қ. Білім басқармасының жетекшісі Р.С. Шимашеваның 18.11.2010 жылғы №533 бұйрығы негізінде 30.12.2010 жылы колледжде сапа менеджмент жүйесі ИСО 9001-2008 әзірлеу және енгізу бойынша колледж базасында сынақ алаңының жұмысын бастау туралы №388 бұйрық шықты.

      19.01.2011 жылы директордың оқу-әдістемелік ісі бойынша орынбасары Э.С. Керимбаева сапа бойынша басшылық өкілі, Сапа менеджмент жүйесі құжаттамасын әзірлеу мен енгізуге жауапты болып тағайындалды.

      Сондай-ақ, Сапа менеджмент жүйесі әзірлеу мен енгізу бойынша іс-шаралар жоспары, қызметкерлерді оқыту жоспар-сызбасы, «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК сертификаттауға дайындау, сапа менеджмент жүйесі әзірлеу және енгізу» жобасы бойынша сапа менеджмент жүйесі құжаттамасын әзірлеу жоспар-сызбасы әзірленді.

     Ішкі аудиторлар тобы «Білім беру мекемесінің сапа менеджменті жүйесі ішкі аудиторларының біліктілігін көтеру. ИСО 9001:2008, ИСО 19011:2011» тренинг-семинарының бағдарламасына қатысып, тестілеуден сәтті өтті.

     28 мамырда Сапа менеджментін дамыту орталығының бас директоры Ш.Ж. Алтайбаевамен бірге оқу орындарына СМЖ енгізу бойынша қалалық семинар өтті, оған Алматы қ. оқу орындарының іқ-дан астам өкілдері қатысты.

     Білім сапасын қамтамасыз ету тәсілдерін қайта қарастырып, директор бастаған оқытушылар ұжымы 2010 жылдың аяғында колледжде сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізуді шешті.

     2011 жылдың қаңтарында сапа бойынша басшылық өкілі (СБӨ), СМЖ құжаттамасын әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға тағайындалды.

     Сондай-ақ, сапа менеджмент жүйесі әзірлеу мен енгізу бойынша іс-шаралар жоспары, қызметкерлерді оқыту жоспар-сызбасы, «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК сертификаттауға дайындау, сапа менеджмент жүйесі әзірлеу және енгізу» жобасы бойынша сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) құжаттамасын әзірлеу жоспар-сызбасы әзірленді.

    СБӨ Магазов Е.Д. және менеджерлер Караева Б.С. және Айкимбаева Д.Д. «Білім беру мекемесінің сапа менеджменті жүйесі ішкі аудиторларының біліктілігін көтеру. МС ISO 9001:2008, ИСО 14001:2004, ИСО 31000:2009 и ОНSAS 18001:2007 талаптары» семинарына қатысты.

   2014 жылдың 4 желтоқсанында колледж кезекті инспекциялық аудиттен сәтті өтті.

   2015 жылдың 3 мамырында қайтадан сертификаттау өткізілді.

      24 қараша 2015жылы және 28 қараша 2015 жылы аралығында "Подготовка системы менеджмента качества (СМК) образовательной организации. Основы документирования СМК в соответствии с требованиями международного стандарта ISO 9001:2015" тақырыбында семинар өтті.