Галерея "История колледжа"

Developed in conjunction with Ext-Joom.com - templates for Joomla

Колледж тарихы

Алма-Ата энергоқұрылыс техникумы 1964 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мен Орта Азия үшін техник-энергетиктерді даярлау мақсатында КСРО Энергетика және электрофикация мемлекеттік өндірістік комитетінің 13.04.1964 жылғы №162 бұйрығымен құрылған болатын. Техникум КСРО Энергетика және электрофикация министрлігінің Оқу орындары басқармасының қарамағында болды. Колледж құрылымы тұңғыш директор Майоров Владимир Алексеевичтің жетекшілігімен жүргізілді.

Техникум құрылғаннан бастап күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдер ашылды, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, энергетикалық, жылумонтаж және электромонтаж құрылымдық бөлімшелері құрылды. 1975 жылы кешкі оқу, ал 1979 жылы сырттай оқу түрі қысқартылды.

1973 жылға дейін күндізгі бөлімде мамандар алты мамандық бойынша даярланды: 0301-Электр стансалары, желілері және жүйелері, 0309 – Қазандық және бутурбиналық қондырғылар, 0316 – Станса және қосалқы стансалардың электр жабдықтарын жөндеу, 0321- Қазандар мен қазандық-көмекші жабдықтарды жөндеу мамандандыруы бойынша жылуэнергетикалық жабдықтарды жөндеу, 0561 – Құрылыс машиналары және жабдықтары, 1202 – Жылу электр стансаларының құрылысы мамандандыруы бойынша өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс.

Әр кезеңде ұжымды басқарып, оның оқу-материалдық базасын дамытуға және оқу үрдісін жетілдіруге өз үлесін қосқан тұлғалар:

  • Круглов И.И. 1965-1968 жж.,
  • Клочков А.М. 1968-1969 жж,
  • Обухов Н.Н. 1969-1985 жж,
  • Иванов Б.П. 1985-1988 жж.
  • Ананьев А.И. 1988-2007 жж.

1992 жылдың қаңтарында Алма-Ата энергоқұрылыс техникумы КСРО Энергетика және электрофикация министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне өтті.

Тоқсаныншы жылдары Қазақстанда оқу орындарын оңтайландыру басталып, техникумды қайта құрудың түрлі нұсқалары қарастырылды. Ең оңтайлысы энергоқұрылыс техникумы мен нақты аспап жасау техникумын біріктіру деп танылды. Жаңартылған мекеменің атауы «Алматы энергетика және электронды аспап жасау колледжі» болды.

Техникум материалдық базасын ұлғайтуды, оқу жабдықтарын жаңартуды, оқу үрдісін жетілдіруді жалғастырды.

Оқу орнының дамуы үшін директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болған В.В. Сальков, оқытушылар С.А.Ломейко, А.Ф. Тараданов, Л.А. Ли, С.М. Сергеев, Г.А. Зимина, Н.М. Балашова, С.Ж. Фендье, С.А. Качурин, Н.А.Демина, Р.И. Хахалина, В.А., Ломейко С.А., Нигматуллина, Яшков В.К.,Н.Н. Обухов, Н.П. Лифинцева елеулі үлес қосты.

1988 жылдан 2007 жылға дейін колледжі директор Ананьев А.И. басқарды.

2007 жылдан бері колледжді Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы басқарып келеді. Директордың жұмыс әдістеріне бірегей тәсілдемесі, жаңашылдығы, іскерлік шығармашылығы колледждің дамуына және оның ҚР оқу орындарының үздіктерінің қатарынан табылуына үлкен ықпал етуде.

2008 жылы колледж атауы «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК болып өзгертілді.