Аккредитация

           

 

                                             

                                             

          Институционалды және мамандырылған аккредитациялардан өту мақсатында мемлекеттік сатып алу Web-порталында конкурс жарияланып, білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәуелсіз агенттігі (БСҚА) ұтып алған болатын.

Осы агенттікпен келісім-шарт жасалынып, ұйымдастыру және даярлық іс-шаралары өткізілгеннен кейін агенттік өкілі өзін-өзі бағалау материалдары бойынша алдын ала аудит жұмысын жүргізді.

2014 жылдың маусым айында аккредитация стандарттарының барлық баптары мен талаптарынан өтіп, колледж ұжымы аймақта ен алғашқылардың бірі болып институционалды және мамандырылған аккредитациядан өткені жөнінде күәлік алды.