«Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі»

      «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК (ары қарай – колледж) мемлекеттік ұйым және заңды тұлға беделіне ие. Ведомстволық тиістілігі: Алматы қаласы Білім басқармасы. Құрылған жылы - 1964 жыл. 1993 жылы Алматы қ. нақты аспап жасау техникумына қосылып, Алматы энергетика және электронды аспап жасау колледжі болып ауыстырылды, 2008 жылы «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК болып өзгертілді.

         Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі Қазақстан Республикасының энергетика саласындағы техникалық және кәсіптік білім беретін жетекші оқу орындарының бірі болып табылады. 50 жылдан астам уақыт бойы жоғары санатты мамандарды даярлау мен қайта даярлауда тұрғындарға білімдік қызмет көрсетуде.